Aitole не істейді
Сатушы Kaspi Pay-ге «Кассир» рөлі бар қызметкерді қосады, ал Aitole оның атынан жұмыс істейді: клиент нөміріне шот, QR және тұрақты төлем сілтемелерін, абонементтерге арналған тұрақты шоттарды жібереді, қайтаруларды рәсімдейді және төлем туралы бірден хабарлайды — Telegram-ға, сайтқа вебхукпен немесе CRM-ге. Әзірлеушілер үшін сынақ ортасы бар REST API, ЖИ-көмекшілерге арналған MCP-сервер және Битрикс24 қосымшасы бар.
Ақша тікелей сатушының Kaspi шотына түседі. Aitole оны сақтамайды және аудармайды: бұл банк те, төлем ұйымы да, «Kaspi Bank» АҚ серіктесі де емес.
Кім жасайды
Aitole-ді негізін қалаушылар Саят Мухамадиев пен Данияр Жумаканов жасайды. Екеуі де Astana Hub-тың AI'preneurs акселераторының 5-ағымынан өткен; Aitole — олардың бағдарламадан тыс өз жобасы.
Сервис қалай құрылғаны туралы Саят өзі жазады: «Чекті жіберіңізші» енді керек емес (yvision.kz), орыс тілінде — vc.ru.
Неге негізделген
Kaspi-ге қосылу Tapter командасының ашық kaspi-pos-automation жобасына негізделген (MIT лицензиясы). Біздің түзетулеріміз ашық форкта, код мысалдары — aitole-examples репозиторийінде.
Заңды тұлға
| Орындаушы | ЖК INOVA (ИП INOVA) |
| ЖСН | 910729300668 |
| Қала | Алматы, Қазақстан |
Толық деректемелер — жария офертаның «Реквизиты» бөлімінде.
Байланыс
Пошта: [email protected]. Бізді Instagram, Threads, GitHub және Product Hunt желілерінен таба аласыз.
Aitole тағы қайда бар
- MCP-сервер — ресми MCP тізілімінде (
kz.aitole/aitole) және Glama каталогында. - Жергілікті MCP-пакет — npm-дегі aitole-mcp.
- Product Hunt-тағы іске қосу.